«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ақсу негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Аксуская основная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
МЕНЮ
Құрметті ата-аналар!
📚 Ақсу негізі орта мектебі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №250 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарындағы бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, ата-аналар комитетінің шешімімен мектеп формасын бекітті.
👔 Мектеп формасы:
🔹 Ұл балаларға: қою көк түсті шалбар (ұзындығы тобықты жауып тұруы қажет), кеудеше, ақ жейде (қысқы уақытта – көк түсті пиджак, ілгекті немес ысырмалы ілгекті қалың бомбер киюге рұқсат).
🔹 Қыз балаларға: қою көк түсті тізеден 10 см төмен тұратын сарафан немесе белдемше, ақ блузка, ақ бантик (қысқы уақытта – көк түсті пиджак, ілгекті немесе ысырмалы ілгекті қалың бомбер киюге рұқсат).
🔹 Мектеп формасын алған кезде діни элементтердің болмауын, матасының баланың денесіне жағымды болуын басты назарда ұстау қажет.
🔹Мектепке әшекей бұйымдар (сырға, сақина, білезік, моншақ) тағуға, денені жарақаттау мүмкіндіктері бар үшкір заттарды алып келуге тыйым салынады.
✅ Мектеп формасына қойылатын талаптар – ұқыптылықты, тәртіптілікті және біртұтастықты сақтауға бағытталған.
🎓 Бірлескен шешім – оқушылардың жайлы ортада білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
📍 Сіздердің қолдауларыңызға сенеміз!
© 2025 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ақсу негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Аксуская основная средняя школа»
«Ақсу негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Аксуская основная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»